Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ЖЕТІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Оқу-ағарту министрі жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткер түлектерімен кездесу өткізді. Ашық диалог алаңында 7000-ға жуық оқушы еліміздің бас педагогіне тікелей сұрақ қойып, жауап алды.

Ғани Бейсембаев еліміздің білім беру жүйесін дамытуда қабылданып жатқан шараларға тоқталып, «Алтын белгіге» үміткерлер үшін қорытынды емтихандарды өз мектептерінде өткізу туралы бұйрыққа қол қойылғанын хабарлады.

«Қазіргі әлемдік білім - бұл экономикалық, мәдени және идеологиялық факторларға негізделген үнемі өзгеріп отыратын жүйе. Мемлекет сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау және талантты балаларды қолдау үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Бізге келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері алдағы уақытта өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды. Біздің оқушыларымыздың моральдық қағидаттары жоғары екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін. Сіздерге өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілеймін»,–деді министр мектеп түлектеріне.

Бір жарым сағаттық кездесу барысында қатысушылар еліміздің бас педагогіне олимпиадалар өткізу, мектептердің инфрақұрылымын дамыту, білім беру және басқа да бағыттарға қатысты өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Айта кетейік, биыл елімізде 6817 оқушы «Алтын белгі» үміткері.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ