Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста.Жалпы, бүкіл ел бойынша ЖОО жатақханаларында қалған студенттер саны аз. Атап айтқанда, студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуық студент қалды. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер.Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттер төтенше жағдай кезінде азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі үшін жатақханаға азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді.Қазір жоо-лар басшылығы бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырды. Жедел желі телефондары жұмыс істейді.8-7172-74-16-248-7172-74-20-678-7172-74-23-52
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз