Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жақын маңдағы елді-мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуациялады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиев барды.  Сондай-ақ оқиға орнында ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері де жұмыс істеп жатыр. Эвакуацияланған балаларға қажетті жағдайлар жасалды, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ұйықтайтын орындар карантин талаптарын ескере отырып жабдықталды. Эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Орталықта барлық жағдай жасалған. Мұндай тәжірибе бұрын-соңды орын алған төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылған . Айта кетейік, балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі шұғыл түрде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желілердің жұмысын ұйымдастырды: «Bala gorqau»телеграмм-чат ☎️87025642168, ☎️ 87012100238, ☎️87172742528.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: сілтеме