Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА 2 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ҚАТЫСАДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 2 070 оқушы қатысады. Қорытынды кезең 18 сәуірде басталып, 23 сәуірге дейін жалғасады.

1 107 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, ал 963 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сынға түседі.

«Қорытынды кезең олимпиаданың барлық алдыңғы кезеңдері сияқты Oqylyq.kz платформасында электронды форматта өтеді. Өздеріңіз байқап отырғандай, Білім және ғылым министрі ҰБТ, олимпиада және басқа да сынақтарды өткізудің ашықтығына үлкен мән береді. Былтыр біз алғаш рет республикалық кезеңді электронды форматқа көшірдік. Бірақ облыстық кезеңде зияткерлік жарыстар қағаз түрінде өткізілгендіктен, оның қорытындысына ата-аналар тарапынан шағымдар түсті. Енді оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың барлық кезеңін өткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайыстар электронды форматта өткізіледі. Бұл тапсырмалардың жарияланып кету және белгілі бір қатысушылардың мүддесін қолдау қаупін азайтады. Былтыр халықаралық олимпиадаларда рекордтық медальға қол жеткіздік. Әрине, бұл әділ іріктеудің арқасы. Енді осы жетістіктерді одан сайын көбейту үшін ауқымды жұмыс атқарамыз. Төртінші кезеңнің жеңімпаздары олимпиадалық резервке өтеді және олар үшін оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылатынын ескертемін. Нәтижесінде IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғайтын Ұлттық құрама жасақталады», - деді ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Олимпиаданы ашық, әділ өткізу үшін процесс онлайн-режимде бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жарысты мүдделі емес тұлғалар, оның ішінде «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың мектеп кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңде 96 443, облыстық кезеңде 14 369 оқушы қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпарат https://daryn.kz сайтында орналастырылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ