Биыл мемлекеттік марапаттарға тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері, педагогика саласының ардагерлері де бар.
Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де марапатқа ие болды.
Білім жүйесінің барлық деңгейіндегі педагог мамандарға көрсетілген мұндай құрмет әрбір ұстаз еңбегінің маңыздылығын айқындайды.