Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні: өңір мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде

Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Ұлттық кітап күніне арналған «Ғылымға апарар жол» атты ауқымды іс-шаралар легі басталды. «Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы» онкүндігімен ұштасқан бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.

Кітап мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы №84 орта мектепте «Яссауидің рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушылары «Абай дана, Абай дара» танымдық жобасын әзірледі. Мектеп оқушылары сонымен қатар ғалымдармен сұхбат құрды. «Ғылым – болашақтың кілті» атты ашық диалог алаңында балалар мектепке шақырылған ғылымдармен еркін пікір алмасып, ғылым мен білімнің заманауи мүмкіндіктерін талқылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ