Үкімет басшысына балабақшаларға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы таныстырылды.
Ол ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған.
Премьер-Министр бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керектігін атап өтті.
Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылдың қаңтарына жоспарланған.
https://t.me/KZgovernment