
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар

15.02.2025
Түркістан облысының Капланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде аграрлық салада сұранысқа ие дрон операторлары оқытылады. Колледж студенттері өздерінің жобаларын «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде таныстырды.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл – өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып енгізіліп жатқан заманауи мамандықтар. Агродрондар химиялық препараттарды 20%-ға, суды 80%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, жанармай шығынын, жұмыс күшін және техниканы қолдану көлемін азайтады. Сонымен қатар, олар тұқымдарды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын біркелкі енгізуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті колледж директоры Бағлан Шығанов.
Бұған дейін колледж қытайлық компаниямен меморандумға қол қойып, оның аясында мамандарды даярлау бойынша әдістемелік және материалдық-техникалық қолдау алатын болады, ал оқытушылар өндірісте тәжірибеден өтеді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ