Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Тимур Әбілмәжінов ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Тимур Темірғалиұлы Әбілмәжінов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Тимур Әбілмәжінов 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Экономика», Еуразия гуманитарлық институтін «Құқықтану», ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратура оқыған. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Семизбай-U» ЖШС-да жоспарлау жөніндегі маман болып бастаған.

2008-2009 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде сарапшы.

2009-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінде референт, сарапшы, консультант.

2014-020 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі.

2020 жылғы қараша айынан қазіргі кезге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ