Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға көбейеді. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджет есебінен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен қамтамасыз етіледі», - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. Бүгінде ТжКБ-ді мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.

Айта кетейік, жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. Тапсырыс беруші кәсіпорындарға практика ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелер беріледі.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ