Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

СҚО ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНА 10 ЖЫЛ

Салтанатты шара 2022 жылғы 26 ақпанда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында өтіп, «Білім мен ізгіліктің ордасына -10 жыл» деп аталды.

«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялыр орталығы» өңіріміздің барлық педагоктеріне әдістемелік өолдау қөрсетіу мақсатында құрылған. Бүгінгі күні орталық біздің облысымыздың ғана емес, республикамыздың барлық педагогтары үшін маңызды диалог алаңдарының бірі. Мұнда шеберлік сыныптар, вебинарлар, халықаралық конкурстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жүйелі түрде пән мұғалімдері үшін халықаралық форумдар өткізіліп тұрады. 10 жыл уақыт ішінде орталық қолдауының арқасында оқытушылар талай рет республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанған.

Іс-шараға білім беру саласында көп жыл еңбек етіп келе жатқан құрметті қонақтар да шақырылды. Араларында Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА президенті Г.Б. Бейсембаев, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.А. Сұрағанова және тағы басқалары.Мерейтойға орайластырылған іс-шарада «Облыстық білім беру жобаларын іске асыру» атты көрме де өтті. Мұнда мұғалімдер өздерінің жеке жобаларын ұсынды. Айталық «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис» колледжі ерекше қажеттіліктері бар балаларға жақсы мүмкіндіктер ұсынып, оларға ара шаруашылығы және бағбандық, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, шаштараз өнері және орман шаруашылығы бойынша 5 бағытта білім береді.

Дөңгелек үстел барысында қонақтар мен іс-шараға қатысушылар ҚР білім беруді реформалаудың заманауи жағдайындағы әдістемелік қызметті трансформациялау мәселелерін талқылады, облыстық қауымдастық мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ал облыстық әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы мерейтойға орай білім басқармасының атынан 1 млн теңгенің сертификатына ие болды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ