Сеулде өтіп жатқан GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея Премьер-Министрінің орынбасары және Білім министрі Ли Джу Хомен кездесу өткізді.Тараптар білім беру саласындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, инновациялық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, білім жүйесін цифрландыру жобаларын талқылады.«Сізді еліміздің қонағы ретінде көргенімізге қуаныштымыз. Бұл кездесу цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды жүзеге асырудағы екі ел ынтымақтастығының тағы бір маңызды кезеңі болып табылады», — деді Оңтүстік Корея Премьер-Министрінің орынбасары және Білім министрі Ли Джу Хо.Ғани Бейсембаев сапалы білім беруде оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.«Біздің еліміз қызметтің барлық бағыттарын цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Оқу-ағарту министрлігі қолжетімді, тең дәрежедегі және сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кезең-кезеңмен енгізуде. Бізді Оңтүстік Кореяның білім беруде жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі озық тәжірибесі қызықтырады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрі.Айта кетейік, GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммит екі күнге созылады. Қатысушы елдер шара барысында білім саласында инновацияларды қолданудың стратегиялық мүмкіндіктері мен тәжірибелік идеяларын талқылайды.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз