Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

РОБОТОТЕХНИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЕЛОРДАҒА КЕЛДІ

FIRST Global Challenge робототехника бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары Сингапурдан оралды. Робот жасайтын жас дарындарды оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов қарсы алды.

Бүгін чемпиондар Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 технологиялық форумына қатысады.

191 елден келген 1000-нан астам қатысушының арасынан ең жоғары ұпай жинаған физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал алтынға ие болды. Шәкірттерді халықаралық байқауға дайындаған жаттықтырушылар - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ