Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Робототехника бойынша Орталық Азия чемпионатына өңірлік іріктеу аяқталуда
2025 жылғы 25-26 қаңтарда Астанада 800-ден астам оқушы мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен FIRSТ робототехника чемпионатына іріктеудің қорытынды кезеңі өтеді.   Биылғы FIRSТ чемпионатының басты тақырыбы – жаһандық экологиялық проблема болып табылатын су асты әлемін зерттеу.   Іріктеу екі кезеңді қамтиды: • FLL Challenge – төменгі сынып оқушылары инженерлік тапсырмаларды шешу үшін LEGO роботтарын бағдарламалайды. • ⁠FIRST Tech Challenge – жоғары сынып оқушылары күрделі тапсырмаларды орындау үшін металл конструкциялардан роботтар жасайды.   FIRST чемпионаты 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған чемпионатқа Қазақстан 2017 жылдан бері белсенді қатысуда. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама FIRST Global Challenge-де үш дүркін (2022, 2023, 2024) әлем чемпионы атанды.   Айта кетейік, 20-23 ақпан аралығында Алматыда Almaty Tech Cup жарысы Дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында Орталық Азия робототехника бойынша чемпионаты өтеді. Оған 5000-нан астам оқушы мен олардың жаттықтырушылары қатысады деп жоспарлануда.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ