Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 51 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, жас таланттарды рухани қолдау, шығаршалылықты жандандыру.

Қатысушылар жалпы үш бағыт бойынша сынға түсті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Жыр эстафетасы» және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» сайысы.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, әр бағыттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: Бас жүлде – 3 жеңімпазға, I орын – 3, II орын – 6, III орын – 9 жүлдегерге табысталды.

Сондай-ақ, әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар тағайындалды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ