Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНА 66 ОҚУШЫ ҚАТЫСУДА

Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды. Оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы бақ сынауда.

Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.

Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады:1️. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);2️. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);3️. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);4️. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ