Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды

XXV республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, байқау 6 номинация бойынша өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі». Қатысушылар Абайдың 200-ге жуық өлеңін, 45 қара сөзін және екі поэмасын жатқа оқыды.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы 47 оқушыға тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 оқушыға табысталса, әр номинация бойынша ерекше жетістігі үшін тағы 20 оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.Анықтама үшін: ХХV республикалық «Абай оқулары» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Ұйымдастырушылар – «Дарын» РҒПО және Абай облысының білім басқармасы.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ