Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Асхат Аймағамбетов балабақшаларға лицензия беру, «Қолайлы мектеп» жобасы мен оқушыларды кітап оқуға баулу туралы айтты. Министр мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сапасын арттыруға кешенді түрде қарау керек деді. Ведомство басшысы балабақшалар бірлестіктерінің басым көпшілігі лицензия беру жүйесін қайта енгізуді қолдап отырғанын айтты. Себебі сапасыз балабақшалар мен балаларды ұрып-соғу фактілерін ешкім жоққа шығара алмайды. Балабақша құрылтайшылары балалардың мүддесін бірінші орынға қойып, барынша ашық, әділ және барлығына бірдей мүмкіндік болғанын дұрыс деп санайды.  

 

Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдар мен университет оқытушыларына хат жазды. Хатта жоғары білім мен ғылымды дамыту үшін бірлесіп қабылдаған маңызды шешімдер мен атқарылған іс-шаралар жайында жазды. Сондай-ақ бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғыс білдіріп, жаңа оқу жылында табысты жұмыс тіледі.

 

Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басқарма басшысы Назира Абдрахманова «Oqu-ağartu LIVE» айдарында бірінші сыныпқа құжат қабылдаудың аяқталуы туралы айтты. Бүгінгі күні 400 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды жасақтау үшін сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.

 

Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 5 қола медаль бар. Биыл тұңғыш рет Президенттің қолдауының арқасында оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алып, ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсу мүмкіндігіне ие болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ