Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында негізгі ҰБТ қорытындысы қаралды. Биыл мектеп бітірушілерге екі мүмкіндік берілгендіктен 154 мың талапкер 276 мың рет тест тапсырды. 103 мыңнан астам талапкер немесе тестіленушілердің 67%-ы шекті балл жинады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. 3179 талапкер 120 балдан жоғары жинады. Алайда 139 балл жинаған екі тестіленушінің нәтижесі жойылды. Бейнежазбаларды қайта қарау кезінде олардың ереже бұзғандары анықталды. Асхат Аймағамбетов күдік тудырған нәтижелер бойынша тексеріс қысқа дейін жалғасатынын ескертті.

 

Оқу-ағарту министрі көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткелі тұрған баланы аман алып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековпен кездесті. Асхат Аймағамбетов Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғыс білдірді. Кездесуге 17 жастағы батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты. Бұл отбасы алты бала тәрбиелеп отырғанын айта кеткен жөн. Кездесу соңында Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ министрдің өтініші бойынша түлекке Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқуға грант берілді.

 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жаңа жоба бастады. Сұхбат форматындағы жобаның алғашқы санында Асхат Аймағамбетов директорлардың ротациясы, мектеп формасы мен сүйікті футбол клубы туралы сұрақтарға жауап берді. Асхат Аймағамбетов ротацияға қатысты түрлі пікірлерді оқып-біліп отырғанын айтты.

 

Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин «Oqu agartu LIVE» айдарында колледждерге құжат қабылдау барысы туралы айтты. Құжаттарды қабылдау Egov платформасында электронды форматта және тікелей колледж арқылы дәстүрлі түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл талапкерлерден 4 қана құжат талап етіледі. Бүгінгі күнге 70 мыңнан астам абитуриент құжат тапсырды. 2022 жылы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға ұлғайды. Оның 45 мыңы республикалық бюджет есебінен. 20 мыңы кәсіпорындардың ұсынысы бойынша тағайындалатын мақсатты мемлекеттік гранттар.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ