Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысындағы үшауысымды және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді аралады. Қосшы қаласында екі мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңадан салынатын білім ордалары 2023 жылдың жазына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Қосшыда «Жайлы мектеп» жобасы аясында келесі жылы 11 000 орындық тағы 3 мектептің құрылысы басталады. Бұл оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ келесі жылы Талапкер ауылында да «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4800 оқушыға арналған екі мектеп, Қажымұқан ауылында 1800 орындық бір мектеп салу жоспарда бар. Министр мектеп құрылысына бөлінген орындарды көрді. Жұмыс сапары аясында Асхат Аймағамбетов Үркердегі №69 мектеп-гимназиясына да барды. Министр оқу кабинеттерін, психологиялық-педагогикалық түзету, робототехника кабинеттерін аралап, мұғалімдермен әңгімелесті.

 

Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша жаттықтырушылармен кездесті. Кездесуде қазақстандық оқушылардың беделді жарыстардағы нәтижелері талқыланды. Министр тәжірибелі мамандардың STEAM және робототехника дағдыларын дамыуға қатысты пікірлерін тыңдап, бірге жұмыс істеуге шақырды. Өз кезегінде жаттықтырушы мамандар білім беру ұйымдарында енгізуге болатын халықаралық деңгейдегі үздік бағдарламаларды таныстырды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ