2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ • Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды • 400 мыңнан астам бала мектепке дайындық үшін материалдық көмек алды • Мемлекеттік білім беру ұйымдарында 100% бейнебақылау камералары, турникеттер, дабыл түймелері орнатылған • Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай тегін мемлекеттік сенім телефоны іске қосылды • Балаларға арналған 100 мыңнан астам оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді