Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі Білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасына қол қойды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен құжат қабылдады.Қызылорда облысы әкімдігінің жоспары бойынша балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс шамамен 28 мың орынға артады. 12 мектепке дейінгі ұйымда күрделі жөндеу жүргізілмек. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 116 мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша бейнебақылау жүйесі орнатылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 14 мыңға жуық педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.«Биыл білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд. теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Тиісінше өңірде білім беру ұйымдарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда 21 мектеп салу жоспарлануда. Осылай орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.Облыста 47 мектеп, 300 орындық жатақханасы бар физика-математика бағытындағы білім нысанын салу және 19 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұндай кешенді тәсіл қазақстандық білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.«Жыл сайын облыста 6 мыңға жуық мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан, жалпы білім беретін мектептердің басшылық құрамның 60-тан астам өкілі менеджмент бағыты бойынша оқудан өтеді. Осы шаралардың барлығы жаңа форматтағы педагогтер, яғни білім беру саласының көшбасшыларын даярлауға бағытталған. Мектептердің 18% - ы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысады, 30 білім беру ұйымы PISA зерттеуіне қатысады», - деді Ғани Бейсембаев.Басым міндеттердің бірі - инклюзивті білім беруді дамыту. Облыста ПМПК желісін кеңейту, инклюзияны қолдау бойынша 14 кабинет ашу жоспарлануда.Тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты 15 мыңға орынға ұлғайту жоспарлануда. Өңірде ТжКБ-ның 1500-ден астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 300 орындық жатақханасы бар бір колледж және 175 орындық екі студенттік жатақхана салу жоспарлануда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің пилоттық жобасы аясында 10-11 сыныптардың 350 оқушысы үшін жұмысгы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.Айта кету керек, Жол картасы өңірдің білім беру саласындағы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуды, балалардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелерін қамтиды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ