Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Рахметова Жанар Исахметқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып тағайындалды.

Жанар Рахметова 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл ауыл шаруашылығы басқармасының бас экономисі болып бастады.

2001 – 2003 жж. – Жамбыл ауданы бойынша жоспарлау, талдау және есеп бөлімінің бас маманы;

2004 ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық Білім беру департаменті бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы;

2005 – 2007 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық Білім беру департаменті бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы;

2007 – 2022 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ