Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ғани Бейсембаев бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру пәндерінің оқу бағдарламалары мазмұнын өзгерту бойынша жұмыс тобымен кездесті.

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның вице-президенті Әлия Чокушеваның айтуынша, оқу бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу жұмысы 2022 жылдың маусым айында басталды.

«Бұл кезеңде жұмыс тобы оқу бағдарламаларының құрылымын әзірледі, әр пән бойынша мақсат, міндеттер түзетілді. Сонымен қатар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған контент интеграциясы іске асырылды. Оқу бағдарламаларының жүйелілігі мен бірізділігі, олардың білім алушылардың жасы мен физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі қамтамасыз етілді», — деді Әлия Чокушева.

Сонымен қатар білім берудің оқу бағдарламаларын әзірлеудің халықаралық тәжірибесі мен стандарттары зерделенді. Салыстырмалы түрде талдау жасалып, пән мұғалімдерінің республикалық съездерінде айтылған ұсыныстары ескерілген.

Кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықтарды әзірлеу кешенді тәсілді қажет ететінін және нақты шешімді сарапшылар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша оқу бағдарламалары сараптамаға жіберілетін болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ