Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жедел басқару орталығында болып, мемлекет басшысының білім беру ұйымдарын «дабыл түймелері» және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындаудағы жұмыс нәтижелерімен танысты.

«Басты міндеттердің бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полициямен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет», - деді Ғани Бейсембаев.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жүсіповтің айтуынша, құқық қорғау органдары әкімдікпен бірлесіп мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Сондай-ақ ол оқу орындарында бақылауға қолжетімді басқару жүйесін орнатуды, мектептердегі камераларды аналогтардан цифрлық камераларға жаңартуды ұсынды.

Сондай-ақ Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде ҚР Оқу-ағарту министрі балалар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілумен танысу мақсатында бірқатар ұйымдарға арнайы барды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ