ҚР Үкіметінің отырысы өттіҮкімет отырысында Асхат Аймағамбетов жоғары білім беру саласының сапасын арттыру шаралары туралы баяндады. Министр оқытушыларды қағазбастылықтан арылтып, сапалы білім беру мен ғылыммен айналысуы үшін шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ академиялық адалдық, университтердің материалдық базасы, оларды қаржыландыру шаралары туралы айтты. Студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге өсетінін жеткізді.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысын өткіздіКүн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары қарастырылды. Инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауын ұйымдастыру және өткізу, магистратура мен докторантураға қабылдау барысы пысықталды. Аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды
Білім және ғылым министрі Қазақстанның Азаматтық форумы қарсаңында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездестіКездесуде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде бірлесіп іске асыруға бағытталған жобалар пысықталды. Бүгінгі таңда министрлік «Дара», «Болашақ», «Асыл Мирас», «Аяла» қорлары сынды үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасап жатыр. Асхат Аймағамбетов білім беру жүйесі мен ғылымның дамуына барынша қолдау көрсеткен қатысушыларға алғысын білдірді.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов азаматтарды қабылдады Министрдің жеке қабылдауында азаматтар мектептердегі тәрибие жұмыстарына, жоо-ға қабылдау, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ұсыныстары мен шағымдарын жеткізді. Министр әрбір азаматтың мәселесіне жеке тоқталып, олардың шағымдары мен ұсыныстарына байланысты тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берді.
Министр Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің 10 жылдығына арналған салтанатты шараға қатыстыМерекелік шарада аумақтық департаменттердің бірінші басшылары, сала ардагерлері бас қосты. Жиында білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Айта кетейік, білім беру ұйымдарына заңнама талаптарына және жұмыс сапасына сәйкестігі бойынша 22 мыңнан астам тексеру жүргізді. 15 мыңнан астам бұзушылық анықталып, олар кейін тәртіптік және әкімшілік шаралар қолдану арқылы жойылды. Асхат Аймағамбетов білім сапасын арттыруда аянбай еңбек еткен қызметкерлерге алғысын білдіріп, арнайы төсбелгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады.
Асхат Аймағамбетов Алматы қаласына іс-сапармен барды Сапар барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ректорларымен кездесу өткізді. Жиында жоғары оқу орындарын лицензиялау моделін қайта қарау, оларды қаржыландыру және грант бөлу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мамандықтарға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру шаралары қаралды. Министр жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыру үшін лицензия беру талаптарын қатаңдату қажет екенін айтты.