Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездестіКездесуде адам капиталының өңірлік даму мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаны іске асыру тетіктері мен әдістемесі қаралды. Дүниежүзілік банктің білім беру саласын қоса алғанда, мемлекеттік шығындарды шолу бойынша зерттеу жұмыстары пысықталды. Министрлік білім беру саласындағы шығындарды мұқият талдау үшін Дүниежүзілік банктің Маңғыстау, Атырау және Түркістан өңірлерін айқындау туралы ұсынысын қолдады. Тараптар күн тәртібінде белгіленген барлық мәселе бойынша ортақ пікірге келді.Асхат Аймағамбетов ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы мәлімдедіБілім және ғылым министрі әлеуметтік желідегі парақшасында Үкімет қаулысымен үш негізгі нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілгенін айтты. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары, базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары бар. Енді 12 айдан астам мерзімге гранттық қаржыландыру алатын жобалар бойынша аралық есептер тапсырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ министр конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі 145 жұмыс күнінен 92-ге дейін қысқартылғанын жеткізді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, конкурстық өтінімдерге қосымшалардың саны 12-ден 5-ке дейін азайтылған. Сонымен қатар Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің Әдеп кодексі бекітілді. Министр жазбасында рәсімдер мерзімін азайтуға бағытталған тағы бір өзгеріс топтамасын әзірленіп, енгізілетінін айтты.«БҒМ LIVE» айдарында мектеп оқушыларына арналған олимпиадалар туралы ақпарат ұсынылдыInstagram әлеуметтік желісі арқылы оқырмандардың сұрақтарына «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов жауап берді.