Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім гранттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қазақстандық оқушылар Францияның Нормандия қаласында өткен халықаралық додаға алғаш рет қатысып, әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдермен сынға түсті. Ұлттық құрама 86 медаль жеңіп алып, үшінші орынды иеленді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бағалы сыйлықтар табыстап, ел Президентінің тапсырмасы аясында 11-сыныптың 50 түлегі қазақстандық ЖОО-да оқуға білім гранттарын алатынын айтты.

 

Асхат Аймағамбетов TikTok компаниясының өкілдерімен кездесіп, білім мен ғылымды қазақ тілінде насихаттау мәселелерін талқылады. Әлемдегі ең ірі интернет-платформаның өкілдері Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті. Бұған дейін министрлік Tik Tok-та парақша ашып, тараптар #ТикТоктаүйренҚазақстан атты бірлескен білім беру жобасын бастаған болатын. Tik Tok өкілдерінің айтуынша, білім беру бастамасы бар қазақстандық сегмент 10 млн рет қаралған, себебі видеолар ең танымал бөлімдерде көрсетілген.

 

Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің әр аймағынан келген оқушылар елорданың көрікті жерлерін аралады. Саяхатқа жолдама алған балалардың арасында аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары, жетім балалар, оқу озаттары, сондай-ақ 10-14 жас аралығындағы зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Балалар Оқушылар сарайында, Ұлттық музейде, астаналық циркте болып, «Бәйтерек» монументі мен «AILAND» отбасылық демалыс орталығына барды. Сондай-ақ бұл күні оқушыларға Ақордаға кіріп, Президенттің резиденциясын аралау мүмкіндігі де берілді.

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин колледждер мен жоғары оқу орындарына электронды түрде құжат қабылдау жүйелерінің дайындығы мәселелерін талқылады. Биыл 160 мың түлек колледж және 140 мың түлек жоғары оқу орындарында білім алады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 100 мың IT-маманды даярлау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысты да талқылады. Осы ретте ведомствоаралық отырыстың басты тақырыптарының бірі бағдарламалау мектептеріне ІТ мамандарын даярлауға грант бөлу болды. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ 50 мыңнан астам оқушы оқитын 39 мамандандырылған IT-лицей ашу, қазақстандық мектептерде 3 000 робототехника кабинетін ашу және IT-бағыттар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламаларды жаңарту бойынша жұмыс жүргізді.

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ