Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Алматыда Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың 130-дан астам өкілі қатысты. Асхат Аймағамбетов форум Орталық Азия университеттері альянсының дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ бірлескен білім беру, ғылыми жобаларды әзірлеу және қос дипломдық бағдарламаларды іске асыру бойынша университеттер арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейтетініне сенім білдірді.

 

Асхат Аймағамбетов дүниежүзілік гимназиадаға қатысатын оқушыларды шығарып салды. Халықаралық спорттық жарыс 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандия қаласында өтеді. Қазақстандық оқушылар гимназиадаға алғаш рет қатысады. Құрамаға іріктелген 234 оқушы спорттың 18 түрінен ел намысын қорғайды. Жас спортшыларға қолдау білдіруге келген Білім және ғылым министрі оларға сәттілік тіледі.

 

Елордада «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022» байқауының финалдық кезеңі өтті. Сайыс еліміз бойынша стартап жобалары бар және кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың басын қосты. 100-ден астам білім ордасының студенттері мен мектеп оқушылары білім беру және бизнес көшбасшыларының алдында әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын қорғады. ENACTUS - креативті және инновациялық көзқарасы бар жастарды дайындап, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдауға арналған. Бизнес идеялар байқауы әлемнің 35 мемлекетінде қатар өтіп жатыр. Жеңімпаздар Пуэрто-Рикода өтетін әлем біріншілігінде чемпиондық атақты сарапқа салады.

 

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ