Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Отандық ғалымдар диабеттік ретинопатияны қашықтан диагностикалауға арналған бірегей бағдарламалық жоба әзірледі

Ол көз түбінің ауруларын 90% дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Бірегей скрининг жүйесін әзірлеуші Еркебұлан Жәнібекұлының айтуынша, көз түбін суретке түсірудің жаңа цифрлық әдісі офтальмоскоптың көмегімен көз түбін тексерудің қолмен жасалатын әдісіне қарағанда объективті болып есептеледі.

Жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Ол қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарындағы 17 мемлекеттік және жекеменшік емханада енгізілген.

 

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті

Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру бағдарламасы жаңартылып, қайталау және алған білімді бекіту жұмыстарына қосымша сағат қарастырылатынын айтты. Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда пәндік курстарға басымдылық беріледі.

 

Министрліктің аппарат жиынында қаңтар ҰБТ-сының қорытындылары қаралды

Қаңтар ҰБТ-сына 101 600 оқушы қатысты. Ең жоғары балл - 135. Орташа балл – 67,61. Тестіленушілердің 69,4%-ы шектік деңгейден артық балл жинады.

ҰБТ-ны толық электронды форматқа көшірудің нәтижесінде енді әр оқушыға  жеке тақырыптық сараптама жасалады. Оның қорытындысы әр баланың жеке кабинетінде сақталады.

Сондай-ақ аппарат жиынында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының жұмысын бақылау нәтижесі мен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы қаралды. 

 

Осы аптада Ғани Бейсембаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ғани Бектайұлы 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің түлегі.  

 Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ