Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен аппараттық жиында мектепке дейінгі және орта білім саласы бойынша биылғы жұмыс жоспары қарастырылды.Білім беру сапасын арттыру мақсатында енді педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс арқылы іске асырылатын болады.Педагогикалық мамандықтарға оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның шектік балы жоғарылады, педагогикалық мамандық бойынша  оқитын студенттердің шәкіртақысы өсті.  2022 жылы 1815 балабақша, 1187 мектеп пен 166 колледж мемлекеттік аттестациядан өтеді.Биыл білім беру ұйымдарын, оның ішінде 128 ауылдық мектепті жабықтау үшін 2000-нан астам физика, химия, биология, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу жоспарланып отыр.800-ден астам мектептің кітапханасын жаңарту және көркем әдебиетпен толықтыру жоспарланған.

Елімізде білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау басталды.Ақтөбе облысындағы 4 колледждің директоры қайта тағайындалды.Шешімді мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жөніндегі комиссия қабылдады.Ереже бойынша ротация бір білім беру ұйымында 4-7 жыл жұмыс істейтін басшыларға қолданылады.Бүгінде бір ұйымды 15-20 және одан да көп жыл бойы басқарып отырған менеджерлер бар.Директордың бір мекемеде ұзақ отыруы бірінші басшының біліктілігін төмендетеді және сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін.  

Осы аптада ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова «БҒМ LIVE» айдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың жаңа трендтері жайлы айтып берді.Қазақстан бойынша 70 мыңға жуық студент оқитын 536 колледжде дуалды білім беру форматы енгізілген.Кәсіптік-техникалық оқу орындарына академиялық дербестік берілді.Енді колледждер білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады.

Келесі аптадан еліміздегі барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысады.Ведомствоаралық комиссия 14-ші ақпаннан бастап толыққанды офлайн оқуға көшу туралы шешім шығарды.Осыған дейін тек оқушы саны 600 баладан аспайтын білім беру ұйымдарына ғана дәстүрлі форматта жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын.600 оқушыдан артық тәрбиеленушілері бар мектептер жартылай ғана офлайн оқыды.  

Білім және ғылым министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының баспасөз қызметкерлерін елордаға жинап, біліктілік арттыру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды.Баспасөз қызметкерлері үшін әлеуметтік желідегі коммуникациялық менеджмент және SMM тақырыптары бойынша нарықтағы танымал мамандар тренинг өткізді.Қатысушылар «ашық микрофон» форматында ұсыныс-пікірлерін айтып, тәжірибе алмасты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ