Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларымен онлайн кездесу өткізді

Жиын барысында нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мектептердің оқу жылының үшінші тоқсанына әзірлігі қаралды

Мұғалімдердің жалақысын төлеу және оқу мекемелеріндегі күзет қызметінің жұмысы пысықталды

Мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың жұмысын бақылау, білім сапасын арттыру және қашықтан білім беру платформалары талқыланды

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларымен және мұғалімдерімен онлайн кездесу өткізді

Жиында білім мазмұнын, тәрбие жүйесін және кадрлық әлеуетті жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды

Ауыл мектептерін заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жайы сөз болды

Қатысушылар ҰБТ жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтып, пікір алмасты

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ