Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім беру саласының ардагерлерімен кездесіп, ведомстволық наградаларды табыстадыКездесу барысында ТжКБ жүйесіндегі жетістіктер, сапалы кадрлар даярлауға бағытталған жоспарлар талқыланды. Ардагер оқытушылар білім беру процесін жетілдіру бойынша өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айтты. Техникалық және кәсіптік білім саласын саласын дамытуға зор үлес қосқан қызметкерлерге ведомстволық наградалар табысталыды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білім және ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталдыБілм және ғылым саласына сүбелі үлес қосқан 150-ге жуық қызметкер «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» және мерекелік медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Министр білім және ғылым саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен педагогтерді лайықты марапаттарымен құттықтап, алғысын айтты.

Асхат Аймағамбетов М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының 20 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатыстыТәуелсіздік мерекесімен тұспа тұс келген универистеттің мерейтойы барысында оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды.

Министр ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерімен кездестіСалтанатты жиында білім, ғылым саласының іргерілеуіне зор үлес қосып жүрген қызметкерлере ведомстволық наградалар мен Алғыс хаттар табысталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ