Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді
Бүгін Қазақстанның Азаматтық форумы қарсаңында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткіздім.     Белсенділермен бірқатар маңызды мәселені талқыладық. Сондай-ақ білім және ғылым саласына қатысты айтылған бастамаларды назарға алдым.   Біз Үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайтынымызды атап өткім келеді. Біздің ынтымақтастығымыз маңызды жобалар мен стандартты емес шешімдерді, әсіресе балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде іске асыруға ықпал етеді.   Біз тығыз жұмыс істейтін ҮЕҰ өте көп болғандықтан, бәрін тізіп шығу қиын. Сондықтан мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелері бойынша жұмыс істейтіндерді атап өтейін.   Мәселен «Дара», «Болашақ» сияқты қорлардың белсенді қызметінің арқасында біз мектептерде ресурстық орталықтар мен инклюзияны қолдау кабинеттерін аштық. Осылайша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқу процесіне бейімдеу үшін жаңа жағдайлар жасалды.   Мен жақында ғана барған «Аутизм орталықтарын» құру жөніндегі «Асыл Мирас» қорының жобасы министрлік бекіткен арнайы, білім беру ұйымдарының тізбесіне енді және қазір өңірлерде ашыла бастады.   Сондай-ақ министрлік ҮЕҰ-мен бірге ауылдық жерлерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, «Дара» қоры жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауылдық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің тұтас желісін ашты.   Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосатын жыл сайынғы «Жұлдызай» шығармашылық байқауы арнайы мектеп тәрбиеленушілері арасында үлкен танымалдыққа ие.   «Аяла» қоры арнайы мектептерде кәсіптік бағдар кабинеттерін ашып жатыр. Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге жүзеге асырылатын осындай жобалар өте көп.   Мен бүгінгі жиынға қатысушылардың барлығын білім беру жүйесі мен ғылымның дамуына барынша қолдау білдіріп жатқан еліміздің жанашыр азаматтары деу дұрысырақ деп ойлаймын.   Осы кездесуге қатысқаныма қуаныштымын және одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенемін. Министрлік бірлесе отырып жұмыс істеуге ашық.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219294715934922/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ