Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚР БҒМ ЖҰМЫС ТОБЫ ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІН БАСҚА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АУЫСТЫРУДЫ АЯҚТАП ЖАТЫР

ҚР БҒМ жұмыс тобы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің студенттерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыруды аяқтап жатыр.

Бүгінгі таңда 1300 студенттің 1000-нан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылды. Қалған студенттерді ауыстыру мәселесі аяқталуға жақын.

Айта кетейік, бұған дейін білім беру лицензиясынан айырылған Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенттерін ауыстыру үшін жұмыс тобы құрылған болатын. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қазір Алматы қаласында студенттермен, ата-аналармен және университет қызметкерлерімен кездесулер өткізіп жатыр.

«Өткен жылы біз Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осы жазда университет жабылып, білім беру лицензиясынан айырылатыны туралы ақпарат жарияланды. Дегенмен, студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауыспай, барлық сот апелляцияларының нәтижелерін күтуге шешім қабылдады. Енді университет жұмысын іс жүзінде тоқтатқан соң студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауысуға келісім берді. Біз Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің қалған студенттерін ауыстыру бойынша жұмыс тобын құрдық. Жұмыс тобының алдына студенттерді басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру міндеті қойылды. Барлық студенттер транскрипттер алып, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Нұр-Мүбарак» университеті, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті сияқты жоғары оқу орындарына жіберілді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылығымен жетім балаларға жеңілдіктер беру туралы келісім бар», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Ата-аналар мен студенттердің жарияланған ақпаратқа назар аударып, жоғары оқу орындарын таңдауға және одан әрі оқу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Университеттерді жабу кезінде Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері студенттерді басқа оқу орындарына орналастыру жұмыстарына ат салысады. Басқа университеттердің жабылуы кезінде де осындай шешімдер қабылданған болатын.

Айта кетейік, университеттерді жабу кезінде министрлік сапалы білім беру талаптарының сәйкестігін басшылыққа алады.

Бұған дейін министрлікте Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде тексеру парағының 46 тармағының 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталғаны туралы хабарланған болатын. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермеген. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Сонымен қатар басқа да бұзушылықтар анықталды. Бұл ретте университетке бұзушылықтарды жою үшін уақыт берілді, алайда жоғары оқу орны білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін жұмыс жүргізбеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ