Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстанның колледждері мамандықтар бойынша лицензиялауға көшті
  Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 200-ден астам ұйым жаңа жүйе бойынша лицензия алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесі отырысында хабарланды.   Бұған дейін лицензиялау тек жеке біліктіліктерге қатысты берілетін болса, енді лицензиялар мамандықтар бойынша берілетін болады. Бұл шара колледждерге экономикадағы өзгерістерге тез бейімделуге, еңбек нарығының қажеттіліктеріне жедел жауап беруге және мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.   «Енді колледждер лицензияланған мамандықтар аясында жаңа біліктіліктерді қосу үшін бюрократиялық рәсімдерден алшақтап, тек материалдық-техникалық базасы мен кадр құрамының сәйкестігін растаса жеткілікті. Сонымен қатар, модульдік білім беру бағдарламалары студенттерге бір мамандық аясында бірнеше біліктілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», — деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.   Қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аймақтық департаменттері колледждер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ресми ресурстарда ақпараттар жариялап, лицензияларды қайта рәсімдеу кестесін әзірледі. Бұл процесті 2025 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау жоспарлануда.   Колледждер жаңа мамандықтарға лицензия алу немесе қолданыстағы лицензияларын қайта ресімдеу бойынша қазірден бастап өтініш бере алады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалады.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ