Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстандық жас физиктер Кореяда өтетін беделді APhO 2026 олимпиадасында ел намысын қорғайды

2026 жылы 17-25 мамыр аралығында Пусан қаласында (Корея Республикасы) физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтуде. Аталған білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан астам елден шамамен 240 оқушы қатысады. Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан командасының құрамасы:Әмірбек Азатбеков - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 12-сынып оқушысы;Роман Черемнов - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;Таир Әбдіқадір - Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;Дамир Құрман - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы;Мерген Сабыров - Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;Арғын Сейткамит - Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:Қасымхан Байсейітов - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;Даулет Құрмантаев - физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде «Best Female» арнайы сыйлығымен марапатталған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ