Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер халықаралық байқаудың финалына өтті

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті студенттерінің командасы «ЕАЭО-дағы дауларды шешу-2022» халықаралық байқауының финалына өтті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға шықты.

Финалға шығу үшін КАЗГЮУ университеті командасы ауызша өткен раундтарда «Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Ресей) командасымен жарысып, жеңіске жетті. Екінші финалист ретінде Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Ресей) командасы танылды.

КАЗГЮУ университеті командасының құрамында Алуа Садуова, Әділ Фазылжан, Диана Бектібаева, Жанель Байқонырова бар. Ал, студенттерді дайындаған Assistant professor, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Құқық жоғары мектебінің «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының жетекшісі Абай Абылайұлы

КАЗГЮУ университеті командасына конкурстың финалында жеңіс тілейміз!

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ