Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ МЕН 2 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстандық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары университет гранты мен 2 млн теңгеден астам сыйақылармен марапатталды. Сәтбаев Университетінде 7–11 сынып оқушылары мен ЖОО студенттері арасында «TECHNO CUP VI!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Оған іріктеу кезеңінен өткен 400 пікірсайысшы қатысты, олардың арасында еліміздің әр өңірінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген 128 мектеп оқушылары бар.

Турнирдің қорытындысы бойынша Мектеп лигасында Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Әлішер Қуаныш пен Ақылжан Итеғұлов жеңімпаз атанды. Олар Сәтбаев Университетінің білім грантын ұтып алды. Әлішер қазір 10-шы сыныпта, Ақылжан 11-шы сыныпта оқиды.

«Біз мектептегі пікірсайыс үйірмесіне екі жылдан артық қатысамыз. Пікірсайыс жарыстары бізге ұнайды, өйткені онда шешендік өнерді, шеберлікті шыңдайсың, халық алдында сөйлеуді, сыни тұрғыдан ойлауды үйренесің, сонымен қатар ой өрісің мен эрудиция дағдыларынды дамытасың. Пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанып, Сәтбаев Университетінің білім грантын жеңіп алғаныма өте қуаныштымын», – деп Ақылжан Итеғұлов өз қуанышымен бөлісті.

Қазақ және орыс лигаларының жеңімпаздары, сондай-ақ турнирдің үздік спикерлері жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық алды. Сондай-ақ «Үздік төреші» номинациясының иегері анықталды, аталған номинация бойынша ХАTИ-ның студенті Ульяна Вилемсон жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, турнир америкалық, британдық парламенттік пікірсайыс форматтарының ережелері және Линкольн-Дуглас ережелері бойынша өтті. Финалдық ойынның қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Патриот» пікірсайыс клубы үздік делегация атанды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ