Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТЕР 3D-МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША БІЛІМ АЛУДА

Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында STEM мұғалімдеріне арналған 3D-модельдеу және робототехника бойынша тегін тренинг басталды.

«200 мектеп мұғалімі апталық оқудан өтеді. Олар үшін 3D модельдеу және робототехника негіздері оқытылады. Сондай-ақ жобаларды құру және іске асыру үшін Autodesk 123D Design бағдарламасын пайдалану үйретіледі. Менторлық пен тренингті информатика, робототехника және 3D-модельдеу саласындағы сарапшылар, оның ішінде мұғалімдер, университет оқытушылары және робототехника клубтарының басшылары жүргізеді», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Қарқұлова.

Тренинг соңында финалдық турнир өтеді. Онда қатысушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары көрсетіледі. Мұғалімдер оқушылармен бірге командалар құра отырып, өз жобаларын ұсынады.

Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» РҒПО-мен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ