Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ

13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысады.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

«Біз, ересектер балаларға үлгі болуымыз керек. «Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Акция бүкіл ел бойынша бір уақытта өтеді», – дейді Департамент директорының міндетін атқарушы Аман Сейітов.

Көшет отырғызу орнын білім беру ұйымындары таңдайды.Челленджге қатысушылар мен отырғызылатын көшеттер саны шектелмейді.

Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ