Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА

30 қазан – 2 қараша аралығында Ұлытау облысында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиада өтуде. Олимпиадаға 76 оқушыдан тұратын 23 команда қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.

«Олимпиада классикалық форматта теориялық және практикалық екі турда өткізіледі. Теориялық тур 9-сыныптың химия курсын толығымен қамтиды және 8 тапсырмадан құралған. Практикалық турға келсек, заттардың химиялық қасиеттерін тануға арналған. Айта кететін жайт, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін олимпиада қатысушының деректері қазылар алқасына көрсетілмейді. Әр турдан кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқалары, оқушылар жұмысы және дұрыс жауаптар орталықтың сайтында орналастырылады. Және YouTube арналарында тікелей эфир жүргізілуде», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қорытындылар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ертеңге жоспарланған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ