Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮНДІСТАНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысында Қазақстан атынан Алматы қаласының №81 мамандандырылған мектеп оқушылары өнер көрсетті.

USTEM Robotics қоғамдық қорының хабарлауынша, екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды. - Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;- Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;- Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.

«Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады», – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.

Айта кетейік, Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары арасынан үздіктер анықталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ