Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Оңтүстік Кореяда өтетін FIDA дрон-соккер бойынша алғашқы әлем чемпионатына қатысуда

2025 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласында (Оңтүстік Корея) тарихтағы алғашқы FIDA дрон-соккер әлем чемпионаты өтуде. Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысуда.

Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді:• №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,• №8 мектеп-лицейі,• SKILLSET мектебі.

Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты.

Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ