Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР М.ӘБДІЛДИН АТЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Оқу- ағарту министрлігіне қарасты «Бөбек» обсерваториясының орталығында осы жылдың 25 қазаны-1 қарашасы аралығында М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» мектеп оқушыларының астрономиялық турнирі өтеді.

Астрономиялық турнир – еліміздің дарынды және астрономияға қызығушылығы жоғары мектеп оқушылары қатысатын жыл сайынғы дәстүрлі шара. Биыл турнирде Қазақстанның 10 өңірінен қатысушылар бас қосты.

Мақсаты – мектеп оқушыларын астрономия және астрофизика пәндеріне баулу, оқушыларға астрономиялық білім беру және ғарыштық білім бойынша бастапқы кәсіби дайындау, шығармашылық қабілетін дамыту.

17 команда турнирдің әртүрлі кезеңдерінде, оның ішінде іріктеуде, жартылай финалда және ақтық финалда бақ сынайды. Қатысушылардың жұмыстары мен нәтижелерін университеттің тәжірибелі оқытушылары мен астрономия ғалымдарынан құрылған қазылар алқасы бағалайды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ