Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасына (APhO) қатысуда

Малайзияның Кампар қаласында 3-10 маусым аралығында APhO физикадан Азия олимпиадасы өтуде. Оған әлемнің 28-ден астам елінен оқушылар қатысуда.

Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары арасында физикадан 2000 жылдан бері жыл сайын өткізілетін бірегей зияткерлік жарыс.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

Марғулан Нұрсағатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы; Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; Амир Пшенбаев – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; Нұрбол Закир – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы; Нуұрасыл Барлыбаев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.

Құрама команда жетекшілері:

Самат Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті; Нұрдәулет Қаласов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.

Атап өтсек, 2023 жылы өткен физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ