Грузияның Цхалтубо қаласында Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысуда.
Қазақстан намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғайды. Олар:
Амира Кенбаева - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11 сынып оқушысы;
Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9сынып оқушысы;
Анастасия Одинцова - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
Арай Касенова - Haileybury Almaty 11 сынып оқушысы.
Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.