Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР БИОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ 4 МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Қанжығада екі күміс және екі қола медаль. Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды.IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді. «Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ