Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды. Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты.Қазақстан құрамасы жыл сайын «Бөбек» орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз