
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жаңалықтар

18.04.2025
Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау. Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.
«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.
Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы;PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы: Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ